Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2026 жылғы сәуір айының 6-27 күндер аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:
1) мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі нөмірге хабарласа аласыз: 8 777 025 55 56 Жасузаков Медет Жұмабекұлы.
